Сапарбаевтың алаңдаушылық білдіруі тегін емес: Жыл басынан бері 1400 ақтөбелік біржола шетел асқан

14:03, 23 қазан 2018

Ақтөбе облысынан жыл басынан бері 1400 адам біржола шетел асып кеткен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда, биыл тоғыз айда өңірден кеткендер саны 36 пайызға көбейген.

Бұл туралы облыстық көші-қон қызметі басқармасы хабарлап отыр.

Ал, Қазақстан азаматтығын алып, Ақтөбеге 325 шетел азаматы қоныс аударған екен. Олардың 262-сі – оралмандар.

«Облыс аумағында тұрақты тұруға 402 шетелдік рұқсат алса, Қазақстаннан тыс жерлерге көшу мақсатында 1400 қазақстандық есептен шықты», —деді Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Дәуренбек Ізтілеуов.

Айта кетейік, осыған дейін де облыс басшысы үлкен жиналыстардың бірінде Ақтөбе облысынан өзге жаққа көшіп жатқандар туралы мәселе көтерген-ді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!