Саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен: Қарағанды облысында ер адам іздестірілді

08:28, 2 қыркүйек 2026
MKZ: 1564681

© Сурет: pexels

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында құтқарушылар жоғалып кеткен саңырауқұлақ терушіні іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметінше, 57 жастағы ер адам кордон маңында саңырауқұлақ теріп жүріп, адасып кеткен.

Оқиға орнында ТЖМ мен полиция қызметкерлерінен, сондай-ақ Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жұмысшыларынан құралған іздестіру тобы құрылды.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар ер адамды "Кендара" кордоны маңынан тапты. Оның медициналық көмекке мұқтаж болмағаны анықталды.

Бұған дейін Қазақстан тұрғыны шыбынжұт саңырауқұлағын тұтынғаннан кейін ажал аузынан қалған еді. Дәрігерлер одан тәуелділік синдромын анықтады. Әйелге ауруханадан шыққан соң нарколог пен психиатрға қаралуға кеңес берілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!