Алматы мен Пусан арасындағы туристік байланыс нығайып келеді
© Фото: unsplash
Алматыда екі қаланың туризм саласы мен бизнес өкілдерінің басын қосқан "Пусан күні" өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты. Қонақтарға Пусан қаласының туристік әлеуеті мен мәдениеті таныстырылды. Сондай-ақ олар туризм, косметика және кәдесый өндірісі салаларында жұмыс істейтін Оңтүстік Корея компанияларының қызметімен танысты.
"Пусан күнін" өткізу Алматы мен Пусан арасындағы тікелей байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік берді. 2026 жылғы 1 мамырдан бастап Eastar Jet әуе компаниясы Алматы – Пусан бағыты бойынша аптасына екі рет тікелей рейс орындап келеді. Ұшу ұзақтығы шамамен алты сағатты құрайды. Жаңа бағыт екі қала арасындағы сапарды жеңілдетіп, туристік байланысты кеңейтуге ықпал етпек.
Алматыға Оңтүстік Кореядан келетін туристер саны да артып келеді. 2025 жылы қалаға Корея Республикасынан 23,2 мың турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.
Оңтүстік Корея Алматы үшін Азиядағы болашағы зор туристік нарықтардың бірі болып қала береді. Биыл маусымда қалалық Туризм басқармасының өкілдері Seoul International Travel Fair халықаралық көрмесіне қатысты. Ал қарашада Алматының туристік мүмкіндіктері Сеулде өтетін KOREA MICE EXPO көрмесінде таныстырылады.
"Пусан күні" екі қаланың туристік және іскерлік әлеуетін таныстырып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға жол ашты. Тікелей әуе қатынасының іске қосылуы және бірлескен туристік жобалардың көбеюі екі бағыттағы туристер легін арттыруға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:26, 2 қыркүйек 2026
Камераны бұрып жіберіп, кетіп қалған: фототұзақ қар барыстарының сирек кадрларын түсіріп алды
-
11:14, 2 қыркүйек 2026
«Топ болып шабуыл жасаған»: Астанада жалғыз қызды клуб маңында аяусыз ұрып кеткен
-
11:03, 2 қыркүйек 2026
Қазақстан мен Қытай: Тоқаев ШЫҰ-ның 25 жылдығы мен дипломатиялық байланыстың 35 жылдығына тоқталды
-
10:53, 2 қыркүйек 2026
Қазақстан президенті технологияны Қытаймен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі деп атады
-
10:50, 2 қыркүйек 2026
Екібастұз тұрғыны 25 жыл тұрған пәтерін сот арқылы заңдастырды





