Самарқандтағы Тоқаевтың қатысуымен өтетін саммит: Ақорда қатысушылардың суреттері мен бейнелерін жариялады

11:57, 4 сәуір 2025

© Сурет: akorda.kz

Бүгін, 2025 жылғы 4 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Самарқандта саммит пен халықаралық конференция өтеді. Бұл ретте, Ақорда қатысушылардың бірге түске суреттері мен кадрларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, таңертең мемлекет басшысы "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандтағы Конгресс-орталыққа келді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды",- делінген таратылған ақпаратта.

Сурет: akorda.kz

Артынша, "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитіне қатысушылардың бірлескен суретке түсу сәті жарияланды.

Сурет: akorda.kz

Сонымен қатар, БОРТ N1 Telegram-арнасы "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті басталмас бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйеннің пікір алмасқаны жайлы жазды.

Сурет: akorda.kz

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандқа 2025 жылдың 3 сәуірінде мемлекеттік сапармен ұшып келді. Әуежайда оны Өзбекстанның премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!