Сағынтаев бүлік кезінде қаза тапқан көпбалалы ананың отбасымен кездесті

15:29, 18 қаңтар 2022

© Сурет: Zakon.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әйелдің отбасымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі артында төрт баласы қалған марқұмның туыстарына көңіл айтып, көпбалалы отбасыға тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алды.

5 қаңтар кешке марқұм әйел жөргектегі сәбиіне дереу дәрі-дәрмек қажет болғандықтан, қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан, көшеге шыққан. Оқ тиген 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.

Марқұмның күйеуі 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған балалармен жалғыз қалды.

Осы уақытқа дейін ерлі-зайыпты 4 баласымен бірге жалдамалы пәтерге тұрып келген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!