«Сабақ кезінде оқушыны тұншықтырған»: Түркістан облысы полициясы оқиғаға қатысты түсінік берді
© Сурет: polisia.kz
Қазнетте Қазығұрт ауданына қарасты Жұмысшы ауылында сабақ кезінде 12 жастағы оқушыны тұншықтырып өлтірді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар, оны сыныптасы тұншықтырғаны және оқиғаға ұялы телефон себеп болғаны айтылған.
"Түркістан облысы Қазығұрт ауданында кәмелетке толмаған баланың өлімі фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы 2-бөлігі ("Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқушының өлімі денсаулығының күрт нашарлауынан болғаны анықталды. Медициналық мекемеге бара жатқан жолда ол көз жұмған", - деп мәлімдеді полиция.
Сондай-ақ ведомство тергеу аясында оқиғаның куәгерлері мен мұғалімдерден жауап алынғанын, жәбірленуші тараптың барлық уәжі мен тәркіленген бейнежазба зерделенгенін және бірқатар қажетті сараптама тағайындалғанын атап өтті.
"Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, баланың өліміне тыныс жолдарын жауып қалған тілдің жұтқыншаққа кетуі салдарынан пайда болған тұншығудан (асфиксия) себеп болған. Денесінде зорлық белгілері, соққы немесе тұншықтыру іздері анықталмаған. Тергеу нәтижесінде өлімнің қылмыстық сипаты расталмады, сондықтан қылмыстық іс қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қабылданған шешімнің заңдылығы прокурормен тексеріліп, істі тоқтату туралы қаулы бекітілді", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Сонымен қатар, оқиға мен құқықбұзушылықтарға себеп болған жағдайларды жою үшін әкімдікке ұсыныс жолданған.
Ұсынысты қарау қорытындысы бойынша мектеп директоры мен бес педагог жұмыстан босатылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





