Рыбакина Римдегі турнирдің үшінші айналымына шықты
© Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, онда әлемдік рейтингте 47-орында тұрған грек теннисшісі Мария Саккаримен кездесті.
Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте — 6:4, 6:1 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші айналымына шықты.
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2023 жылы Рим турнирінің чемпионы атанған болатын. Ал биылғы жарыста да қазақстандық теннисші басты фавориттердің бірі саналады. Ол турнирде екінші нөмірмен тіркелген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (АТР рейтингінде 11-орын) Римде өтіп жатқан ATP Masters 1000 сериясының турнирін сәтті бастағанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:42, 9 мамыр 2026
Тоқаев Путинмен кездесу өткізді
-
22:52, 8 мамыр 2026
Алматыда мерекелік іс-шараларға байланысты Гоголь көшесінің бөлігі жабылады
-
22:12, 8 мамыр 2026
Тоқаев Мәскеуге жетті
-
22:12, 8 мамыр 2026
Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды
-
22:05, 8 мамыр 2026
Бублик Рим «Мастерс» турнирінің екінші айналымында қарсыласын ойсырата ұтты





