Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды
Рүстем Құрманов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жариялайды Zakon.kz.
Үкімет Қаулысымен Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының Экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.
2012–2013 жылдары ҚР АШМ инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.
2013–2015 жылдары — ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.
2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеген.
2017 жылдың шілде айынан бастап ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған.
2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың ақпаны аралығында - «ҚазАгро» холдингі басқармасының төрағасы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 8 мамыр 2024
Құлжа тас жолында тағы бір жол апатынан бір адам мерт болды
-
17:23, 8 мамыр 2024
Парижге баратын соңғы мүмкіндік: балуандар Ыстамбұлдағы іріктеу сынына қатысады
-
17:14, 8 мамыр 2024
Бокстан ұлттық құрама Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарысқа қатысады
-
16:36, 8 мамыр 2024
Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
-
15:59, 8 мамыр 2024
Түркістан облысында 16 оқушы отырған «Газель» өртенді