Рудныйдағы жылу желілерінде тағы бір апат болды
© Фото: freepik
8 қараша күні Рудныйда бірнеше сағат ішінде екі апат орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы оқиға сағат 02:00 шамасында Топорков көшесіндегі жеке сектордың орамішілік тарату желілерінде болды.
"Сағат 8:30-да жарылған жер жөнделіп, тоқсандық құбыр жұмыс істей бастады. Жеке сектордағы барлық 198 абонент жылумен қамтылды",- делінген әкімдік ақпаратында.
Ал, сағат 6:00-де Строительная көшесіндегі жеке сектордың орамішілік тарату желілері зақымданып, 27 абонент жылудан ажыратылды.
"Десек те, тұрғын үйлерде температура режимі қалыпты. Жөндеу жұмыстарына 11 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылған. Сағат 12.00-ге дейін жылу жүйесі қалпына келтіріледі".Рудный қаласы әкімдігі
Айта кету керек, бұл құбырлар магистральдық емес, мұнда бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
"Рудный қаласындағы орамішілік желілердің жалпы ұзындығы — 140 км, оның ішінде жеке сектордың тарату желілері 44 км-ді құрайды. Соңғы екі жылда Рудный қаласында 16,5 млрд теңгеден астам сомаға 33,8 км жылу желілері жөнделген",- деп түсіндірді әкімдік.
Сондай-ақ, апаттар саны төмендегенін атап өткен жөн. Мәселен, магистральдық желілер бойынша 2023 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында 56 апатты жағдай орын алса, 2024 жылдың ұқсас кезеңінде 5 жағдай болған; тоқсандық желілер бойынша 2023 жылы 490, 2024 жылы 318 апат болды, соның ішінде жеке секторда 2023 жылы 186 жағдай, 2024 жылы 148 апаттық жағдай орын алды. Барлық апаттар ең қысқа мерзімде, орта есеппен 3-4 сағат ішінде толығымен жойылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 8 қараша 2024
Бектенов Қазақстандағы ірі кәсіпорындар үшін міндетті шартты атады
-
13:32, 8 қараша 2024
Алматы полициясы автотұрақтарды тексеруде
-
13:16, 8 қараша 2024
ШҚО-да сарбаз суицид жасады
-
13:07, 8 қараша 2024
Қазақстанда «Каспий итбалығы» табиғи резерваты құрылады
-
12:54, 8 қараша 2024
«AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысы өтті