«AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысы өтті

12:54, 8 қараша 2024

© Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендегені байқалады. Ал, өңірдің ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші сәл өсіп отыр.

Партияның Ақтөбе облыстық филиалында өткен "Amanat" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысы барысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар талқыланды, сондай-ақ партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

Кеңеске "AMANAT" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Сайыров, "AMANAT" партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, кеңес мүшелері, өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.

Ақтөбе облысында мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендегені байқалады. Ал, өңірдің ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші сәл өсіп отыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2024 12:54

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиынға төрағалық еткен "AMANAT" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Сайыров әрбір азамат елінің патриоты болып, сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет екенін айтты.

"ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев қоғамдағы барлық келеңсіздіктерді шешу үшін өзіміздің жұртшылықпен, азаматтармен бірге жұмыс істеу қажет екенін айтқан болатын. Ендеше мемлекеттің ісіне араласу үшін, патриот болу үшін ешқандай мемлекеттік қызметкер болудың қажет жоқ. Мәселен Францияда француз революциясы болған кезде ең бірінші патриот деген ұғым пайда болды. Бұл ұғым халық үшін қызмет ететін азамат дегенді білдіреді. Сондықтан да өзіміздің азаматтарымыз, бала-шағамыз ұлы қоғамда өмір сүрсін десек, оның фундаментін бүгіннен бастағанымыз дұрыс. Еліміздегі кемшіліктерді жасырмауымыз керек, бірақ кемшілікті жою үшін әрқайсысымыз қызмет етуіміз керек", — деді ол.
Ақтөбе облысында мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендегені байқалады. Ал, өңірдің ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші сәл өсіп отыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2024 12:54

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде облыс әкімі Асхат Шахаров өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық комиссияның 42 отырысы өткізілді, 108 мәселе талқыланды. 350 тапсырманың 250-і орындалды, қалғандары – орындалу сатысында.

"Жыл сайын мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізіледі. Осы жылдың тоғыз айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою бойынша 300-ден астам іс-шара өткізілді. Ішкі аудит қызметі тексеру жүргізіп, бұзушылықтарды анықтады. Төрт материал құқыққорғау органдарына жіберілді. Алты лауазымды тұлғаға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға қатысты жұмыстар ұйымдастырылды. 2024 жылы 27 адам сондай курстан өтті. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау бойынша 7250-ден астам іс-шара өткізілді. Партияның жол картасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша 122 іс-шара өткізіледі. Жол картасын іске асыру – тұрақты бақылауда", — деді Асхат Шахаров.
Ақтөбе облысында мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендегені байқалады. Ал, өңірдің ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші сәл өсіп отыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2024 12:54

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"AMANAT" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі Абзал Құспан тоғыз айдың қорытындысына тоқталып, құқыққорғау органдары, сондай-ақ құрылыс, ТҮКШ, жер қатынастары салаларындағы проблемалық мәселелерді атап өтті. Есепті кезеңде 46 сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылық тіркелді.

Былтыр 58 жағдай болыпты. Баяндамашы былтырғы жылмен салыстырғанда облыста мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендеуі байқалғанын (2022ж – 8, 2023ж – 17, 2024ж – 6), ал құқыққорғау жүйесінің қызметкерлері арасында өсім сәл өскенін алға тартты (2022ж – 7, 2023ж – 3, 2024ж – 4).
Ақтөбе облысында мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төмендегені байқалады. Ал, өңірдің ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші сәл өсіп отыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2024 12:54

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеңес барысында "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды.

Республикалық кеңес төрағасы Ерлан Сайыров сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бергені үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жүргізуге, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын орындауға формальды көзқарас танытқаны үшін бірқатар лауазымды тұлғаны партиялық жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!