Ертең павлодарлық оқушылар мен колледж студенттері қашықтықтан оқиды

21:46, 7 қараша 2024

© Фото: zakon.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодарда мектеп оқушылары мен колледж студенттері 2024 жылғы 8 қарашада қашықтықтан оқитын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеді.


"2024 жылғы 8 қараша күні Павлодар қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!