Алматы полициясы автотұрақтарды тексеруде
© Сурет: Алматы ПД
Жергілікті іс-шараны Алматы қаласының әкімшілік полициясы жүзеге асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндағы мақсат – жерасты гараждары мен тұрақтарға қоюға тыйым салынған газ баллондық жабдықпен жабдықталған көліктерді анықтау.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес газ жабдығы бар көліктерді жерасты жабық тұрақтар мен гараждарға қоюға тыйым салынады. Бұл, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты. Газ баллон жабдығы бар көліктерді қауіпсіз пайдалану мақсатында жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Басқа мақсаттар үшін ғимараттарға салынған және оларға бекітілген жабық тұрақтарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық тұрақтарда қозғалтқыштары сығылған табиғи газбен және сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін көлік құралдарын қоюға жол берілмейді", — деді, Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.
Сондай-ақ спикер, бүгін Алматыда жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Қауіпсіз жол" республикалық іс-шарасының басталғанын атап өтті.
Анықтама үшін: газ баллонмен жабдықталған көлікте мыналарға тыйым салынады:
- жарамдылық мерзімі өткен газ баллоны бар көлік құралын пайдалану;
- ақаулы газ жабдығымен және газдың ағуымен қозғалтқыштың жұмысы;
- электр жүйесінде газ болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- газ жабдығы ақауы бар автокөлікті жабық ғимаратқа қою;
- қозғалтқышты іске қосу, гаражға газбен кіру-шығу;
- ГБЖ құю кезінде газ құю шлангінің жанында болу.
Бұған дейін Рудныйдағы жылу желілерінде тағы бір апат болғандығы хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:19, 8 қараша 2024
Қазақстан қар құрсауында: 9-11 қараша аралығындағы ауа райы
-
15:02, 8 қараша 2024
Байбазаров: Қазақстан көмір саласынан бірден бас тартпайды
-
14:54, 8 қараша 2024
Алматының Сейфуллин даңғылы учаскесінде қозғалысты уақытша шектеді
-
14:37, 8 қараша 2024
Астанада бес бағдарға қосымша автобустар жіберіледі
-
14:21, 8 қараша 2024
Қазақстан ЖИ енгізу бойынша ТОП 50 елдің қатарына кірді