Рудный әкімінің орынбасары әйелін көлікте өзі босандырып алды

16:57, 18 қыркүйек 2018

Қостанай облысы Рудный әкімінің орынбасары Денис Петрухно әйелін өзі босандырып алды. Ерлі-зайыптылар баланың перзентханада өмірге келуін қалаған, деп жазады Stan.kz.

Олар белгіленген күні, 17 қыркүйекте, перинатарлық орталыққа аттанады. Алайда әйелдің әлі толғағы келмегендіктен орталықтағылар қабылдамаған. Шенеунік әйелімен бірге үйіне қайтпақ болады. Жол бойында әйелінің толғағы басталады.

Ауруханаға жетіп үлгермейтін болған соң әйелі көлікте босанды. Перинатарлық орталыққа баласымен бірге келді.

Денис Петрухно журналистерге бұл жайтты баяндаудан бас тартты.

“Менің әйелім жарады. Егер осылай болатынын білгенімде, кітаптар оқып, қандай да бір курсқа барар едім. Кейін уақыт өткенде қалай болғанын мүмкін айта жатармын”, – дейді шенеунік.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!