Роза Рымбаеваның немересі зеректігімен көзге түсіп, желіні шулатты

11:25, 26 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/rozarymbaeva

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның жалғыз немересі үш жасар Зейін әлем елдерінің туын жаңылмай танып, желі қолданушыларын алғырлығымен таң қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зейіннің қызықты бейнесін желіге анасы – Ақерке Бүркітбай жариялады. Онда әнші әлем елдерінің туы ілінген тақтайшадан Зейінге кездейсоқ елді көрсетіп, тудың қай елге тиесілі екенін сұрайды. Өз кезегінде, кішкентай дарын иесі анасының сұрағына көп ойланастан дәл жауап береді.

Бұл ретте, бүлдіршін Қазақстанның туын бірнеше рет көрсетіп, "Қазақстан!", деп мақтана айтқан.

Желідегі ағайын таңданысын жасырмай, кішкентай данышпанға ақ тілектерін жаудырды.

Бұған дейін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тыңдармандарына алғысын білдіргенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!