Режеп Тайип Ердоған: Жаңа Конституция Қазақстанның бірлігін одан әрі нығайтады
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан–Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстандағы республикалық референдумда халық қолдауына ие болған жаңа Конституция елдің ынтымағын одан әрі арттыра беретініне сенім білдірді.
Түркия көшбасшысы екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық бағыт бойынша нығайып келе жатқанын атап өтті.
"Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық. Осы орайда 15 сәуірде Астанада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталдық. Инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын", – деді Түркия Президенті.
Кеңес отырысында Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов баяндама жасады.
Ал Түркия тарапынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Сауда министрі Болат Өмер сөз сөйледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:42, 14 мамыр 2026
Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты
-
15:37, 14 мамыр 2026
Месси мансабындағы 61-хет-трикін жасап, командасына сырт алаңда ірі жеңіс сыйлады
-
15:27, 14 мамыр 2026
Қарағанды облысында есірткі сайттарын жарнамалаған күдікті ұсталды
-
15:18, 14 мамыр 2026
ІІМ 14 жыл бұрын болған жасөспірім өлімін ашты
-
15:07, 14 мамыр 2026
Қымбат мұнайға қарамастан теңге долларға қатысты әлсіреп жатыр





