ІІМ 14 жыл бұрын болған жасөспірім өлімін ашты
© Фото: unsplash
Қызылорда облысында полиция қызметкерлері 2012 жылы болған жасөспірімнің өліміне қатысты қылмысты ашты, деп хабарлайды.
Қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданына қарасты Жосалы кентінде болған. Топтық төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған. Жасөспірім есін жимастан көз жұмған.
Оқиғадан кейін төбелеске қатысқан барлық азамат анықталып, тексерілген. Алайда тікелей дәлелдердің және куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ жылдар бойы ашылмай келген.
Биыл тергеу-жедел тобының тыңғылықты жұмысының нәтижесінде басты куәгер анықталып, оқиғаның барлық мән-жайы белгілі болды.
ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің ізіне түскен.
"Ол сол төбелеске қатысқан азамат болып шықты. Қазіргі уақытта басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Қажетті тергеу амалдарын жүргізу үшін күдікті Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілді. Жиналған дәлелдер негізінде ол кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында қылмысқа жастар арасындағы жанжал мен өзара араздық себеп болғаны анықталды. Қазір күдікті қамауда, қылмыстық іс сотқа жолданды", – деді Руслан Назаров.
Ішкі істер министрлігі өкілдері өткен жылдардағы ашылмаған қылмыстарды тергеу жұмыстары тұрақты жалғасатынын және кінәлілер заң алдында міндетті түрде жауап беретінін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 14 мамыр 2026
14 мамырдағы сауда-саттықта доллар бағамы күрт өсті
-
15:42, 14 мамыр 2026
Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты
-
15:37, 14 мамыр 2026
Месси мансабындағы 61-хет-трикін жасап, командасына сырт алаңда ірі жеңіс сыйлады
-
15:27, 14 мамыр 2026
Қарағанды облысында есірткі сайттарын жарнамалаған күдікті ұсталды
-
15:07, 14 мамыр 2026
Қымбат мұнайға қарамастан теңге долларға қатысты әлсіреп жатыр





