Месси мансабындағы 61-хет-трикін жасап, командасына сырт алаңда ірі жеңіс сыйлады

15:37, 14 мамыр 2026

© Сурет: Instagram/InterMiamiCF

МЛС чемпионатының кезекті тур матчтарының бірінде Интер Майами футбол клубы сырт алаңда Цинциннати командасын 5:3 есебімен жеңді. Бұл кездесуде аргентиналық жұлдыз Лионель Месси қарсылас қақпасына үш гол соғып, матчтың басты қаһарманы атанды.

Флорида клубының капитаны үшін бұл голдар кәсіби мансабындағы 908, 909 және 910-гол болды. Осылайша, Месси 23 жылдық футбол жолында жалпы саны 61-хет-трик жасап үлгерді.

38 жастағы шабуылшы "Цинциннати" қақпасына 24, 55 және 89-минуттарда гол соқты. Сонымен қатар, ол бір нәтижелі пас берді.

Осы матчтан кейін аңызға айналған Мессидің гол саны 1153 ойыннан кейін 910-ға жетті:

  • "Барселона" сапында – 672 гол,
  • Аргентина құрамасы үшін – 116,
  • "Интер Майами" үшін – 90,
  • ПСЖ құрамында – 32 гол.

Соңғы үш голының арқасында Месси МЛС чемпионатының үздік сұрмергендері тізімінде Уго Кейперспен теңесті. Қазір екеуінің де еншісінде 12 голдан бар.

Айта кетейік, "Цинциннатиге" қарсы ойын алдында Месси "Интер Майамидегі" жалақысына қомақты үстемақы алған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!