Республикалық маңызы бар «Меркі-Бұрылбайтал» автожолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды

10:31, 8 қараша 2024

© Сурет: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

2024 жылдың 8 қарашасында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар "Меркі-Бұрылбайтал" автомобиль жолының 7-273 шақырым аралығында учаскесін қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба аясында 20 көпір мен суқұбырлар соғылып, 281 су өткізгіш нысан орнатылып, сондай-ақ демалыс алаңдарында 3 санитарлық-гигиеналық торап абаттандырылды.

"Меркі-Бұрылбайтал" қайта жаңарту жобасында 2 192 мың тонна асфальтбетон төселіп, 1020 адам мен 591 бірлік техника жұмылдырылды.

Келесі учаскелер кезең-кезеңмен аяқталып, қолданысқа берілді:

  • "Шу-Хантау" (126-189 км) ұзындығы 62 шақырым, ІІ санат;
  • "Хантау – Бұрылбайтал" (189-273 км) ұзындығы 81 шақырым, II санат;
  • "Шу қ. айналма жолы" (90-126 км) ұзындығы 36 шақырым (4 шақырым Іб санатта, 32 шақырым ІІ санатта);
  • "Меркі-Шу" (7-90 км) ұзындығы 82 шақырым, Іб санат.

Жаңа асфальтбетон жабынымен жолдың барлық ұзындығында көліктерге қозғалыс қамтамасыз етілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!