Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

12:52, 21 наурыз 2025

© Сурет: Ақорда

Наурыз мерекесіне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Владимир Путиннен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 21 наурызында "Кремль. Новости" телеграм арнасы жазды.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Ресей басшысы елдер арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Қазақстан халқына ізгі тілегін жеткізді.

Кремльде хабарланғандай, көктем мерекесімен құттықтауларды Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Иран президенттері қабылдады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!