Ресей АҚШ-қа қарсы жаңа қару құрастыруда
© Сурет: pexels
Ресей Илон Масктың Starlink спутниктерін жоюға мүмкіндік беретін жаңа спутниктік қару әзірлеп жатқан болуы мүмкін. Бұл туралы НАТО елдерінің барлау деректері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
PBS мәліметінше, НАТО-ға мүше елдердің екі барлау қызметі Ресейге мұндай қару Батыстың ғарыштағы үстемдігін шектеу үшін қажет деп есептейді.
Барлау деректеріне сәйкес, "аймақтық әсер ету қаруы" деп аталатын жүйе Starlink спутниктерін орбитада қозғалатын шрапнель бұлттарымен жауып, істен шығаруды көздейді. Тығыздығы жоғары жүздеген мың ұсақ бөлшек спутниктерді жарамсыз етуі тиіс.
Аталған бөлшектердің көлемі бірнеше миллиметр ғана болады, сондықтан оларды жердегі және ғарыштағы бақылау жүйелері анықтай алмауы мүмкін. Алайда сарапшылар мұндай қару ғарышта қауіп тудыруы мүмкін екенін айтуда.
Сонымен қатар, ақпараттарда Ресей бұл жүйені қашан іске қоса алатыны, сынақтан өткен-өтпегені және зерттеулердің қай деңгейде екені нақты көрсетілмеген. Зерттеу нәтижелерімен таныс шенеуніктердің бірінің айтуынша, "жүйе белсенді түрде әзірлену үстінде".
Бұған дейін Жерде қатарынан үш күн бойы магниттік дауыл жүретіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:02, 23 желтоқсан 2025
Денсаулық сақтау министрлігі «Kinder» өнімдері жайлы тараған ақпаратқа түсініктеме берді
-
15:57, 23 желтоқсан 2025
Рудныйдың жылу желілерін жекешелендіру әзірге ерте – Құмар Ақсақалов
-
15:45, 23 желтоқсан 2025
23 желтоқсандағы саудада доллар бірден бес теңгеге арзандады
-
15:36, 23 желтоқсан 2025
Үкімет 2026 жылы бизнеске қосымша қаржылық қолдау көрсетеді
-
15:27, 23 желтоқсан 2025
Қазақстанда салық есептілігі қысқартылып, оны тапсырмағаны үшін айыппұл салу тоқтатылады





