«Реал» футболшылары Ла Лига матчында 100-минутта әрең жеңіске жетті

13:06, 2 ақпан 2026

© Сурет: Instagram/ReaLmadrid

1 ақпан күні кешке Испания чемпионатының 22-турындағы матч өтті. Онда мадридтік "Реал" өз алаңында "Райо Вальекано" командасын үлкен қиындықпен 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесудің 100-минутында Килиан Мбаппе пенальтиден дәл соққы жасап, "корольдік клубқа" жеңіс сыйлады. Ал матчтағы алғашқы голды бірінші таймның басында Винисиус Жуниор соққан болатын. Бұл оның 2025 жылдың қазан айынан бері Ла Лигадағы алғашқы голы болды.

Екінші таймнан кейін "Райо Вальекано" сапынан Хорхе де Фрутос есепті теңестірді. Айта кету керек, қонақтар ойынды тоғыз ойыншымен аяқтады. "Реал" футболшыларына қарсы дөрекі ойнағаны үшін Пате Сисс пен Пабло Чаваррия қызыл қағаз алды.

Осылайша, 54 ұпайы бар "Реал" турнир кестесінде басты қарсыласы "Барселонаның" (55 ұпай) алшақ кетуіне жол бермеді.

Ал Килиан Мбаппе Испания чемпионатының үздік сұрмергендері арасында 22 голмен көш бастап тұр. Оған ең жақын қуғыншы – "Мальорка" ойыншысы Ведат Мурики, оның еншісінде 14 гол бар.

Бұған дейін Данияр Қайсановтың еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!