Прокурорлар әкімшілік істерге қатыспауы мүмкін
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өкілеттіктерді бөлу жөніндегі конституциялық реформа құқықтық салада да болады.
Мәселен, сот және прокуратура қызметіндегі өзгерістерді айтсақ, енді алдағы уақытта прокурорлар әкімшілік істерге қатысты сот процестеріне қатыспай, тек мемлекеттік мүддені қорғайтын және болмаса қылмыстық істерге ғана қатысулары мүмкін.
Конституцияға енгелі жатқан өзгерістер жайлы сараптамалық орталықтан тікелей қосылып тұрған әріптесіміз Жұрағат Баман толығырақ айтып береді.
Жұрағат Баман тілші
-Сотқа деген сенімді арттыру үшін Конституциядағы Заңның 83-бабына өзгеріс енуі мүмкін. Нақтыласақ, сот процестерінде отыратын прокурорларға қатысты тармағы талқыланып жатыр. Мысалы, қазір кез келген қылмыстық не болмаса әкімшілік іс болсын сотта прокуратура қызметкері процеске қатысуы тиіс.
Мәселен, мемлекеттік мүддені қорғауға қатысты жемқорлық деректері немесе терактіге қатысты істерге прокурор аралассын, бірақ үйдегі жанжал, не болмаса жол-көлік апаты, көршілердің мүлік бөлісуі секілді, азаматтардың өзі айыптаушы қызметін атқара алатын шаруашылық дауда прокурорлардың қажеті қанша?
Мемлекеттік маңыздағы емес, әлеуметтік даулы істерді соттың өзі прокурорсыз шеше алмай ма деген сауал туындайды? Әрине, жоғарғы бақылау функциясы прокуратурада қалады. Әдеттегідей азаматтардың шағымдарды прокуратураға жолдау құқығы сақталады.
Жаңашыл бастама сот жүргізу жүйесіне не береді? Жоғарғы сот судьясының өзі айтып берсін.
Бағлан Мақұлбеков, ҚР Жоғарғы сотының судьясы
-Прокурорлардың сот мәжілістеріне, оның ішінде азаматтық істер бойынша азаматтық сот мәжілістеріне қатысуын азайту туралы мәселе көтеріліп жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешу үшін біздің Ата Заңынымыз, Конституциямызға өзгерістер енгізу керек. Прокуратураның өкілеттігі туралы мәселелер, прокуратура мен сот органдары арасындағы мәселелердің ең маңыздысы Конституциялық заңға өзгерістер енгізу арқылы шешілсе, кейбір мәселелер әр салада заңдар қабылдау арқылы шешілетін болады.
Азаматтардың жекеменшік құқығы жөнінде де Ата Заңға өзгертулер енгізілмек. Енді жекеменшік мүліктің иесі болу аясы анағұрлым кеңеймек. Бұл әлем елдерінде бұрыннан бері бар тәжірибе.
Көптеген азаматтарымыздың шетелдерде мүліктері мен есепшоттары бар екенін ескерсек, ондай өзгертулер енгізу уақыт талабы болып отырғаны анық.
Игорь Рогов, ҚР Конституциялық Кеңес төрағасы
-Қазақстан БҰҰ секілді ірі ұйымдардың және жалпы шетелдік қауымдастықтардың бір бөлігі екенін ұмытпаған жөн. Дүниежүзілік адам құқықтары жөніндегі декларациядағы міндеттерді орындауға келіскенбіз. Сондықтан бірқатар құқықтық мәселе қазақстандықтардың мүддесін елде де, сыртта да қорғауға арналуы тиіс. Бұл әлемдік тәжірибеде бар дүние.
Ал енді осы конституциялық реформа неге ертерек не кешірек емес, ал дәл қазір қабылданып отыр дегенге келсек, мамандар ол туралы былай дейді.
Виктор Малиновский, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі
-Елбасы өзіне тиесілі өкілеттіктерді қиын кезде пайдалануына болатын еді. Мысалы, 2008-2009 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында. Алайда ол кісі бұлай істемеді. Үкімет пен Парламенттің өз бетімен жұмыс істей алатын-алмайтынын бажайлады. Мәселен, былтыр интституционалды бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде Үкімет мен Парламент бірлесіп, 60-қа жуық заң қабылдапты. Яғни келісе отырып, еңбек етуге болады екен.
Елбасының бастамасымен көтерілген конституциялық реформаның бір сыпырасы туралы түйген ойларымыз осындай.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





