Прокуратура тексерісінен кейін әкімнің орынбасары мен тағы 9 шенеунік жазаланды
© Фото: zakon.kz
Көлік прокуратурасы тұрақты облысаралық, қалааралық және ауданішілік автомобильмен жолаушылар тасымалдау бағыттарын қызмет көрсету құқығына конкурс өткізудің заңдылығына талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар өрсекел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тексеріс барысында бірқатар өңірлерде конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру кезінде қатысушыларға заңсыз кедергілер жасалғаны, сондай-ақ кейбір тасымалдаушыларға негізсіз артықшылықтар берілгені анықталды.
"Бұл заңнама талаптары мен адал бәсекелестік қағидаттарын бұзуға әкеліп соққан. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға, оның ішінде облыс әкімінің орынбасары мен жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Оларға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды, ал қалған лауазымды тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар белгіленді", делінген Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің 2026 жылғы 4 қыркүйектегі хабарламасында.
Бұған дейін Алматы облысында 30 қыркүйекке дейін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:56, 23 қазан 2026
Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады
-
22:38, 23 қазан 2026
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған
-
22:23, 23 қазан 2026
Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
-
22:07, 23 қазан 2026
Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті
-
21:50, 23 қазан 2026
Циципас Almaty Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты





