Прокуратура мүгедек-балаларға арналған қаражаттың жымқырылғанын анықтады

16:29, 4 желтоқсан 2024

© Фото: pexels

Көкшетау қаласының прокуратурасы "Artsport" және "DamuBala" бағдарламалары аясында балаларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемаларын анықтады.

Ақмола облысының прокуратурасы берген мәліметке сүйенсек, Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік тапсырыстарды жеткізушілердің бірі секцияларға мүлдем қатыспаған балаларға орындалған жұмыстардың актілерін ұсынды.

Осыған орай, қала прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!