Президент жазушы Рафаэль Ниязбектің қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді

21:40, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: facebook.com/Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

"Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Рафаэль Ниязбек ұзақ жылдар "Жазушы" баспасында жемісті жұмыс жасады. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға көп үлес қосты. Шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – делінген жеделхатта.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!