Президент Татарстан раисына ризашылығын білдірді
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келген Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті осы халықаралық маңызды шараға арнайы келген Татарстан Раисына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарына Ресей құрамасының атынан көптеген спортшы қатысатынын, оның ішінде Татарстанның өкілдері де бар екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық жоспарлы түрде дамып келе жатқанын айтып, машина жасау және мұнай-газ химиясы салаларындағы бірлескен жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың маңызына тоқталды.
Рустам Минниханов қонақжайлық танытқаны және түркі халықтарының тарихы, дәстүрі әрі күллі көшпенділер өркениетінің ортақ екенін көрсететін ойындарға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Татарстан басшысы терең өңделген өнім шығару, IT-индустрия және экономиканың басқа да өзара мүдделі салаларында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастық мәселелері және биыл күзде Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитінің күн тәртібі талқыланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:09, 16 қыркүйек 2024
Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйден от шығып, өрт сөндірушілер 10 адамды құтқарды
-
23:02, 16 қыркүйек 2024
Түркістан облысында үш еркек жас жігітті жабыла сабап, мерт қылды
-
22:36, 16 қыркүйек 2024
«Ойбай, Елдос Сметов!». Олимпиада чемпионы чат-рулетканы пайдаланып көрді
-
22:03, 16 қыркүйек 2024
Астанада спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы сотталды
-
21:50, 16 қыркүйек 2024
«Бәрін ұрлайды». Hamster Kombat ойнындағы алаяқтар қалай әрекет етеді