БҚО-да Беларуссиядан келе жатқан жүк көлігі аударылды: қауіпті химиялық заттардың ағып кетуіне жол берілмеді

09:34, 15 қаңтар 2025

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында 2025 жылғы 14 қаңтарда жүк көлігі аударылды. Абырой болғанда, қауіпті химиялық зат — тетрагидрофуранның ағып кетуіне жол берілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Беларусь Республикасының 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып, бір жағына қисайып құлап кеткен. Нәтижесінде сұйықтығы бар ыдыстар аударылған, бірақ сұйықтық сыртқа төгілмеген.

"ТЖМ қызметкерлері ағып кету қаупі мен халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді. Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады",- делінген ведомство ақпаратында.
БҚО-да Беларуссиядан келе жатқан жүк көлігі аударылды: қауіпті химиялық заттардың ағып кетуіне жол берілмеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 09:34

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Қостанай облысының Әулиекөл ауданында бруцеллез ошағы анықталғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!