Президент СҚО-дағы су басқан өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

© Фото: zakon.kz
Президент СҚО-дағы су басқан өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жатқан құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті.Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарының жоғары деңгейде ұйымшылдық танытқанын атап өтіп, табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғыс айтты.
➤ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Елена Семидоцких Президентке облыстағы әр ауданда гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ашылғаны жөнінде мәлімет берді.
➤ "Birgemiz" волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова еріктілердің жедел әрекет ету штабы құрылғаны туралы айтты. Штаб 2500-ден астам волонтерді үйретеді және олардың жұмысын үйлестіреді.
➤ "Севказэнерго" акционерлік қоғамының бас директоры Анатолий Казановский аталған кәсіпорынның акционерлері 100 миллион теңге бөлгенін, трансформаторлар орнату және электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізгенін айтты.
➤ "Қызылжар жолдары" ЖШС директоры Асхат Жолдаспаев компанияның су тасқынына қарсы шараларға белсенді атсалысып жатқанын жеткізді. Осы ретте аталған мекеме бөгеттер салу және нығайту үшін арнаулы техникалар мен қажетті құрал-жабдықтар бөліп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:28, 11 ақпан 2025
«Қар ұшқындап, көктайғақ болады». Сәрсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:40, 11 ақпан 2025
Елордада жеделсаты ішінде шабуылға ұшыраған бес жасар балаға ота жасалды
-
20:50, 11 ақпан 2025
Астанада жеделсаты ішінде бес жасар балаға жасөспірім пышақ жұмсаған
-
20:36, 11 ақпан 2025
Ұлттық Банк Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін атады
-
19:53, 11 ақпан 2025
Астананың суретшілеріне қала ғимараттарына мурал мен граффити салуға рұқсат беріледі