Президент қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін ҚМА қызметкерлерін марапаттады

15:11, 28 қаңтар 2026

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкерлерін үлгілі қызмет атқарғаны үшін мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлық 2026 жылғы 28 қаңтарда Ақорда сайтында жарияланды.

Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін наградталсын:

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Байшолақов Азамат Қанатұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кеңесшісі
  • Есенов Ерік Өмірбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен

  • Ержанұлы Ертілек – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі (анықтаушысы)
  • Жаналиев Нұрбол Арысланбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аға тергеушісі
  • Өмірбеков Ержан Малғаждарұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысының орынбасары
  • Ысқақов Мұстафа Шорманұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі уәкілі (анықтаушысы);

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Ағжанбаева Әлия Серікқызы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Тәуекелдерді бағалау ұлттық орталығының басшысы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!