Жетісу облысының полицейлері жүкті шетелдік әйелді шұғыл перзентханаға жеткізді
© Сурет: pixabay
Алматы – Өскемен тас жолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шетелдік нөмірлі автокөлікті байқаған. Көлік тізгініндегі Тәжікстан Республикасының азаматы патрульді көре сала тоқтап, тәртіп сақшыларына жұбайының толғағы басталғанын жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Полиция капитаны Ринат Рақымбеков пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Аубакиров бір сәт те ойланбастан, көлікке жол бастап жүру туралы шешім қабылдады. Жарық және дыбыс сигналдарын қосып, экипаж автокөлікті Сарқан қаласындағы ең жақын перзентханаға дейін қауіпсіз әрі жедел түрде жеткізді", делінген полиция хабарламасында.
Жүкті әйелдің дәрігерлерге аман-есен тапсырылғанына көз жеткізген соң, тәртіп сақшылары қызметтерін жалғастырып, тас жолда патрульдеуге қайта кірісті.
Бұған дейін Астанада агрессивті сталкердің ісі немен тынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 27 қаңтар 2026
Елімізде тағы бір сарбаз көз жұмды: Бас прокурор істі жеке бақылауына алды
-
22:10, 27 қаңтар 2026
Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:51, 27 қаңтар 2026
Астанада қар күреу жұмысына мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды
-
21:29, 27 қаңтар 2026
Семсерлесуден Қатардағы Гран-при кезеңі: қазақстандық спортшылардың нәтижесі жарияланды
-
21:22, 27 қаңтар 2026
Астананың сол жағалауындағы элиталы тұрғын үй кешені подъезінің ішін мұз басты - видео





