Қоғамымыз сіздерге зор үміт артып отыр – Президент Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелеріне үндеу жасады

12:52, 24 қыркүйек 2026
MKZ: 1568641

© Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында жаңа институттың маңызы мен оның алғашқы мүшелерінің міндетіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесін баламасы жоқ, мүлде жаңа институт деп атады. Оның айтуынша, Әділетті Қазақстанның символы саналатын кеңестің табысты жұмыс істеуі алғашқы мүшелерінің еңбегіне байланысты.

"Сіздер қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтып, ел бірлігін күшейтуге жол ашатын игі істердің бастауында боласыздар. Әрине, жол бастау оңай болмасы анық. Бірақ бір жағынан, бұл – үлкен құрмет және зор мүмкіндік", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес мүшелері халықпен тығыз байланыс орнатып, жасампаз бастамалар көтеру арқылы мемлекеттік басқару жүйесіне және ел тағдырына ықпал ете алатынын айтты.


"Ең бастысы, ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!