Елді мекендерді дамытуға тек мемлекет жауапты болмауы керек – Тоқаев
© Фото: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде елді мекендерді дамыту және қоршаған ортаны абаттандыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, елдің келбетін өзгертіп, таза әрі тиянақты орта қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.
"Азаматтарымыз өздері тұрып жатқан елді мекенге қамқорлық танытқаны жөн. Әрбір адам өз үйін, ауылын, қаласын көркейтуге белсене атсалысқаны абзал", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы кейбір кәсіпкерлердің тұтас ауылдардың дамуына үлес қосып жүргенін атап өтті.
"Біз үшін елді мекендерімізді дамытуға, онда тұрып жатқан азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға әсер ететін кез келген бастама маңызды", – деді Президент.
Тоқаев өңірлердің дамуына бағытталған жұмыстардан Халық Кеңесінің мүшелері де шет қалмауы керектігін айтты.
"Бұл шаруаны тек мемлекетке жүктеп қоюға болмайды. Азаматтарымыз да бұл міндетке жауапкершілікпен қарап, белсенді, табанды және елге жанашыр болуы қажет", – деді ол.
Президент билік, өкілді органдар және азаматтық қоғам бірлесіп әрекет еткен жағдайда елді мекендердің дамуына жағдай жасалатынын атап өтті.
"Билік, өкілді органдар және азаматтық қоғам бірлесіп әрекет етсе, ауыл да, қала да, яғни, тұтас мемлекет өсіп-өркендейтіні анық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы қалалар мен көшелерді, саябақтарды таза ұстау елдің жаңа келбетін қалыптастырумен қатар, қоғамның мәдениеті мен мемлекет дамуына да ықпал ететінін айтты.
"Бұл – ұлттық намысымызға қатысты аса маңызды міндет", – деді Президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция ережелерін күнделікті өмірде қолдануға шақырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 24 қыркүйек 2026
92 жастағы зейнеткер велосипедтің көмегімен мүгедектер арбасынан тұрды
-
13:43, 24 қыркүйек 2026
Қызу түсіретін дәрі 20 жастағы жігіттің бірнеше ағзасын істен шығарды
-
13:33, 24 қыркүйек 2026
Алматы облысында ер адам сталкинг үшін сотталды
-
13:21, 24 қыркүйек 2026
Тоқаев: Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадымызды жаңғырту – маңызды міндет
-
13:18, 24 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы жазушыларды қала тақырыбына көбірек шығарма жазуға шақырды





