Президент қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайларына тосқауыл қою керектігін айтты
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді. Онда президент қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары азаймай тұрғанын баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы бюджеттен қаржы жымқыру фактісі тыйылмай тұрғанын айтты.
"Біз елімізді дамытуға арналған қаражатты тиімді жұмсаудың амалын іздеп қиналамыз. Бірақ соған қарамастан әлеуметтік салаға бөлінген триллиондаған теңге қаржыны жымқыратын алаяқтар бар, тіпті, аз емес деп айтуға болады. Бұл – мүлде ақылға сыймайтын жағдай. Мұндай кеселді түп-тамырымен жою керек. Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары да азаймай тұр, ондай заңсыздыққа тосқауыл қою қажет." Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның айтуынша, мұндай теріс ахуал экономикаға орасан зор зардабын тигізуде.
"Түптеп келгенде, көлеңкелі экономикамен үзілді-кесілді күресу керек. Бұл да – өте өзекті, аса маңызды міндет. Қаржылық мониторинг қызметінің алдында тұрған міндет белгілі: бұл – мемлекет қаржысының тек қана ел игілігіне жұмсалуын қадағалау. Осы маңызды міндеттің сапалы іске асуы сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты", – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін президент осыдан бес жыл бұрын, ел ішінде ауқымды өзгерістер қолға алынып жатқан тарихи кезеңде құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі өзіне жүктелген жауапкершілік пен міндетті абыроймен орындап келе жатқанынын атап өткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 28 қаңтар 2026
Алматы облысында әкімдіктер жерді заңсыз бөлгені анықталды
-
17:09, 28 қаңтар 2026
Анна Данилина Australian Open-2026 турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды
-
17:00, 28 қаңтар 2026
Тоқаев қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады
-
16:56, 28 қаңтар 2026
Қазақстанмен шекара маңында қар барысы шаңғышыға шабуыл жасады
-
16:50, 28 қаңтар 2026
Ішкі істер министрлігі: шекараны заңсыз кесу фактілері бойынша жедел шаралар жүргізілді





