Президент қабылдауында Дархан Қыдырәлі болып қайтты
Президент "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Егемен Қазақстан" газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында атқарылған шаралар, айтулы дата шеңберінде шығарылған еңбектер жайында баяндалды. Сонымен қатар Дархан Қыдырәлі мерейтой барысында Алаш ардақтыларына құрмет көрсетіліп, тарих пен тағзымға құрылған шаралар туралы айтты.
Сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстар жөнінде де сөз болды. Атап айтқанда Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жинақталған "Домбыра" оқулығы таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетінің ұжымын ғасырлық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 10 мамыр 2024
Баян Алагөзова Snoop Dogg-қа шапан жапты
-
22:21, 10 мамыр 2024
Бублик те, Шевченко да Римдегі жарыстың екінші айналымында есе жіберді
-
21:50, 10 мамыр 2024
Ақтауда бір топ оқушының құрдасын ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
-
21:10, 10 мамыр 2024
Дәстүрді дәріптеген Зейнеп Ахметова шымкенттік жастармен кездесті
-
21:00, 10 мамыр 2024
Президент Әкімшілігінің басшысы шетелден қайтарылған активтердің қалай игеріліп жатқанын айтты