Елена Рыбакина былтырғы тағы бір чемпиондық атағын қорғай алмайды

20:26, 10 мамыр 2024

© Сурет: Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Римдегі WTA 1000 турниріндегі былтырғы чемпиондық атағын қорғаудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өкінішке қарай, жарысқа қатысатындай өзімді тәуір сезініп тұрған жоқпын. Былтырғы турнирден жақсы естеліктер қалды. Мен титулды қорғайтын сәтті асыға күттім. Рим - мен үшін ерекше қала. Келесі жылы атағымды қайтарып, италиялық жанкүйерлер алдында өнер көрсететін сәтті асыға күтемін", - деді Рыбакина.

Еске салайық, биыл Елена Рыбакина үш бірдей турнирде жеңіске жетті, дегенмен былтыр жеңімпаз атанған Индиан-Уэлс (АҚШ) пен Римдегі (Италия) WTA 1000 турнирлеріне қатысудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық теннисші екі турнир бойынша рейтингідегі 2000 ұпайынан айырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!