Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына аграрлық саланың биылғы он ай ішіндегі даму қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2025 жылдың 19 қарашасында Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
Министрдің айтуынша, есепті кезеңде негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Өнім өндіруде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы 8,2 триллион теңгеге жетіп 5,4 пайызға артса, азық-түлік 9 пайызға ұлғайып 3,1 триллион теңге болды. Ал агросектор тауарларының экспорты 4,7 миллиард долларға дейін өсті.
Президентке агроөнеркәсіп кешеніндегі жағдайды жақсарту үшін соңғы екі жылда қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, айналым қаражатын толықтыру және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін 5 пайыздық мөлшерлемемен тікелей несие беріле бастады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Оның 250 миллиард теңгесі ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген лизинг беруге бағытталған. Биыл 25 мыңнан астам техника сатып алынды. Нәтижесінде машина-трактор паркінің тозу көрсеткіші 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданады.
Саланы цифрландыру аясында "е-АӨК" бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл платформа субсидиялау, жер қорын басқару, егін, мал және балық шаруашылықтары бойынша көрсетілетін қызмет түрлерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді ортақ цифрлық арнаға тоғыстырады.
Кездесу соңында Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту бойынша берілген тапсырмаларды сапалы орындау қажет екеніне назар аударды. Сондай-ақ саланың тиімділігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 7 желтоқсан 2025
Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік үштікке енді
-
14:03, 7 желтоқсан 2025
Қостанайдағы мектептерде «қашықтан оқыту» қашан тоқтатылады
-
13:58, 7 желтоқсан 2025
Атырауда зиратты талқандаған үш жасөспірім ұсталды
-
13:20, 7 желтоқсан 2025
Ақтаудағы аялдамада ер адамның мәйіті табылды
-
12:41, 7 желтоқсан 2025
«Медеуде» жаңа SUN-DECK демалыс аймағы құрылады





