Президент Аманхан Әлімұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, ақын, сыншы Аманхан Әлімұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Жеделхатта Президент ақын, сыншы, әдебиетші, публицист Аманхан Әлімнің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
"Аманхан Әлімұлы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі еді. Сонымен қатар ол отандық журналистиканың дамуына да өлшеусіз үлес қосты. Қатардағы тілшіден бас редакторлыққа дейінгі жолдың бәрінен өтті. Ол ұлттың өсуіне, әдебиеттің дамуына кедергі болатын кері әрекеттердің барлығын сын садағына ілді. Аманхан Әлім қазақ руханиятының көкжиегін кеңейту үшін ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!" делінген жеделхатта.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 8 мамыр 2024
Құлжа тас жолында тағы бір жол апатынан бір адам мерт болды
-
17:23, 8 мамыр 2024
Парижге баратын соңғы мүмкіндік: балуандар Ыстамбұлдағы іріктеу сынына қатысады
-
17:14, 8 мамыр 2024
Бокстан ұлттық құрама Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарысқа қатысады
-
16:36, 8 мамыр 2024
Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
-
15:59, 8 мамыр 2024
Түркістан облысында 16 оқушы отырған «Газель» өртенді