Тоқаев энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді.
Президентке мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғаны айтылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысына мұнай өңдеуді ұлғайту жоспары баяндалды. Сол арқылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына – 6-дан 12 миллион тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға және Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырады.
Ерлан Ақкенженов 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді. Биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр станциясы бой көтереді. Бұдан бөлек, "Көмір өндіруді дамыту" ұлттық жобасының әзірлену барысы туралы ақпарат ұсынды.
Кездесу соңында Президент отын-энергетика секторын одан әрі дамыту, соның ішінде мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергиясы салаларында жоспарланған жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы өндірістік нысандардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізу маңызды екеніне тоқталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:45, 3 наурыз 2026
Күрес түрлерінен U17 және U20 жас санатындағы Қазақстан чемпионаты: жарыс нәтижелері
-
19:20, 3 наурыз 2026
Алматыда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай
-
19:10, 3 наурыз 2026
15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық
-
18:50, 3 наурыз 2026
Роналдудың жеке ұшағы Сауд Арабиясынан шұғыл ұшып кетті – БАҚ
-
18:38, 3 наурыз 2026
Қазақстанға қайтадан қар мен нөсер жауын жақындап келеді





