Полиция Қаскелең өзенінен ауылдың суару каналына су жіберетін шлюзді ашып жіберген адамды іздестіріп жатыр
© Фото: zakon.kz
Бүгін, 16 ақпанда Алматы облысы Қарасай ауданы Көлашы ауылында бейтаныс адам шаруашылық қажеттіліктері үшін Қаскелең өзенінен ауылдың суару каналына су жіберетін шлюз ашып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осының салдарынан 4 ауланы су басып қалды.
Бұл аула аумақтары елді мекеннен тыс жерлерде ауыл шаруашылығы алқаптарында ретсіз түрде салынған.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері, екі бірлік техника және екі мотопомпа, ЖАО 3 адам және бір бірлік техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ, оқиға орнында Қарасай ауданы полиция басқармасы қызметкерлері шлюзді ашқан белгісіз адамды іздестіріп жатыр. Аэровизуалды тексеру және дұрыс шешім қабылдау үшін ҰҰА тартылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:45, 20 қаңтар 2026
Молдова ТМД қатарынан шығуды жоспарлап отыр
-
10:34, 20 қаңтар 2026
Астана-1 теміржол вокзалының қайта жаңарту жоспары таныстырылды
-
10:23, 20 қаңтар 2026
Болгария президенті Румен Радев отставкаға кететінін мәлімдеді
-
10:16, 20 қаңтар 2026
Қазақстандық жасөспірімдер ресейлік және беларусьтік спортшылармен хоккей ойнайды
-
10:07, 20 қаңтар 2026
Алматы хайуанаттар бағы «Шыршаны тапсыр» акциясын қорытындылады





