Полицейлер ер адамды туыстарына естіртпей жерлеп тастаған, енді марқұмның жақындары өтемақы талап етуде
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтөбе облысының полиция департаменті туыстарына естіртпей, 52 жастағы тұрғынды жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK ақпаратына сүйенсек, қаралы отбасы жақынының қаза тапқанын бірнеше ай өткеннен кейін ғана білген. Аман Жақаев былтыр жазда суға кетіп мерт болады. Қарт анасы мен бауыры іздеу жариялап, тек күзде ғана тәртіп сақшыларынан оның өлгенін естиді. Ең сорақысы, полицейлер оны аты-жөні белгісіз адам ретінде нөмірлеп, қала шетіне жерлеп тастаған.
Бауырлары марқұмды арулап, "өз шаңырағынан аттандыра алмадық" деп ашынады. Кейін олар тәртіп сақшыларын сотқа беріп, моральдік шығын ретінде 4 миллион теңге талап етті. Алайда сот марқұмның анасына 300 мың, қарындасына 300 мың теңге төленсін деген шешім шығарған.
"Талап қоюшылар жауапкерлердің әрқайсысынан 2 миллион теңге көлемінде моральдық зиян ретінде өтемақы өндіруді сұраған. Сот шешімімен Ақтөбе облысының полиция департаментінен әр талап қоюшының пайдасына 300 мың теңгеден өндірді. Сот шешімім заңды күшіне енген жоқ". Жансая Тайырова, Ақтөбе облысы соты баспасөз қызметінің бас маманы
Бұған дейін қостанайлық студенттің көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





