Пластикалық ота жасатқан әйелдің өлімі неден болғаны анықталды
Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті пластикалық отадан кейінгі әйел өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құзырлы орган өкілдері оның 3 қыркүйекте Орталық клиникалық ауруханада қайтыс болғанын растады.
30 жастағы әйел жекеменшік емханалардың бірінде омырауын тарттырмақ болған. Әйел мастопексия отасынан кейін арада бір ай өткенде қайтыс болды.
«Ол ауруханаға сіреспе синдромымен түскен. Әйел адамның ағзасында жансыздандыру құралына (анестезиология) реакция болған. Барлық материалдар ІІД-ге өткізілді. Департамент процессуалдық тәртіпте сараптама тағайындамақ. Соның нәтижесінде отаның барлық мән-жайы анықталады», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.
Алдын-ала ақпарат бойынша, марқұм әйел отаны «NOA Пластикалық және лазерлік косметология» емханасында жасатқан.
Емхана басшылығы бізге түсініктеме беруден бас тартып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы әйелдің пластикалық отадан соң көз жұмғанын өткен апатада хабарлаған болатынбыз.
Осындай қайғылы жағдай Алматыда екі жыл бұрын да болған еді. Украина азаматшасы Дана Агамұрадова липосакция (іш майын алғызу) жасатпақ болып, жекеменшік емханалардың бірінде ота жасатқан. Алайда әйел отадан кейін есін жимаған күйі дүниеден өтті. Қазір ота жасаған хирург Дмитрий Писарев сот алдында жауап беріп жатыр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:30, 26 сәуір 2024
Тағы бір есірткі зертханасы жойылды
-
14:08, 26 сәуір 2024
Қошанов: Шыңжаң аймағы бізді Қытаймен байланыстырады
-
13:48, 26 сәуір 2024
Сәл болмағанда жарылыс бола жаздады: Алматының шығыс айналма жолындағы өрт
-
13:37, 26 сәуір 2024
Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды