Питер Фостер «Эйр Астана» АҚ компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
© Фото: zakon.kz
"Эйр Астана" АҚ әуе компаниясының баспасөз қызметі 2025 жылғы 8 қазанда компанияның бас атқарушы директоры Питер Фостерге қатысты маңызды хабарлама таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәліметке сәйкес, Питер Фостер 2026 жылғы наурыз айының соңында "Эйр Астана" АҚ бас атқарушы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетеді.
"Директорлар кеңесі хабарлайды: Питер Фостер 2026 жылғы наурыз айының соңында "Эйр Астана" АҚ бас атқарушы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетеді. Ол компаниялар тобының директорлар кеңесіне аға кеңесші ретінде қолдау көрсетуді жалғастырады", – делінген хабарламада.
Аталған кезеңде бас атқарушы директор қызметіне компанияның қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалады.
"Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны басқарудағы 20 жылдық үздік еңбегі үшін алғыс білдіреді. Оның басшылығымен "Эйр Астана" АҚ Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші әуе компаниясына айналып, әлемдік авиация индустриясында танылған бренд болды.
Сондай-ақ директорлар кеңесі Ибрахим Жанлыелдің тағайындалуын құптап, оның бай тәжірибесі мен компанияның әрі қарай өсуіне қосатын үлесіне сенім білдіреді. Ибрахим Жанлыел 2003 жылдан бері Air Astana тобында жұмыс істеп келеді. Ол 2017 жылдан бастап қаржы жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарып келеді", – деді "Эйр Астана" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:12, 9 қараша 2025
Дзюдошы Самалай Ерғалиева Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды
-
00:10, 9 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары-2025: дзюдошы Ержан Еренқайыпов күміс жүлдегер атанды
-
00:00, 9 қараша 2025
Тоқаев Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды
-
23:59, 8 қараша 2025
Тоқаев Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады
-
23:01, 8 қараша 2025
Сенсация! Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті





