Петропавлдық дәрігерлер жас жігіттің жүрегінен темір тікенді алып шықты

08:08, 11 желтоқсан 2024

© Сурет: Петропавл көпбейінді қалалық ауруханасы

Петропавлдық дәрігерлер жол апаты алдарынан сзардап шеккен жігітті аман алып қалды. Ота кезінде оның жүрегінде темір тікен тұрғаны анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты салдарынан көліктің дөңгелегі жарылып, 22 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Сол күнгі кезекші дәрігер-хирургтер, анестезиолог дереу ота жасауға кіріседі.

Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханың хабарлауынша, тексеру кезінде дәрігерлер жігіттің кеуде қуысы жарақатын көреді. Өкпесінің оң жағындағы жараны, диафрагманы, зақымданған бауырды тігеді. Алайда көкірек бөлігінде гематома пайда болып, қарап-тексеру кезінде жүректің жарақаттанғаны анықталды. Нәтижесінде дәрігерлер жүрек ішінен дөңгелектің темір тікенін тауып алып, жараларды тіккен.

Петропавлдық дәрігерлер жас жігіттің жүрегінен темір тікенді алып шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2024 08:08

Сурет: Петропавл көпбейінді қалалық ауруханасы

Осылайша, операция шамамен екі сағатқа созылды. Науқас бір литр қан жоғалтты.

Жансақтау бөлімінде бес күн жатқан науқас кейін өздігінен тыныс алып, жағдайы тұрақтанды. Жағдайы жақсарғаннан кейін үйіне жіберілді.

"Мен бастапқыда не болғанын түсінбедім, тек ауырсынып, от қарығандай болды. Бірнеше күннен кейін ғана, есімді жинағасын өлім аузынан қалғанымды түсіндім", - дейді жігіт.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!