БҚО-да биыл бірнеше мәдени нысан бой көтерді
© Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында мәдениет саласының алар орны ерекше. Биыл батыс өңірінде бірқатар мәдени нысан бой көтерді. Облыстық маңызы бар орталықтар күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде халыққа қызмет етуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО мәдениет басқармасы, баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, өңірдегі мәдени мекемелер қатары ұлттық құндылықтар мен төл тарихымызды дәріптейтін музей, орталықтармен толыққан.
Мәселен, Жаңақала ауданында Қырықопа ауылдық мәдениет үйі, Казталов ауданында Қайыңды ауылдық клубы,Тасқала ауданында Мерей ауылдық мәдени-спорт кешені, Сырым ауданында Тоғанас ауылдық мәдениет-спорт кешені халық игілігіне пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Бәйтерек ауданында Щапово ауылдық клубының құрылысы аяқталды. Ал Макаров және Көшім ауылдық клубының, Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханасының құрылысы енді басталды.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық мәдениет үйінің құрылысына бюджеттен қаражат бөлінді. Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайы мен Деркөл мәдениет үйі, Облыстық халық шығармашылығы орталығы ғимараты, 17 ауылдық кітапханаларда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры, А.Островский атындағы драма театрының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды.
Мәдениет саласындағы биылғы жылдың жаңалықтарының бірі – мекемелерді оңтайландыру және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Атамекен өнер ордасы мен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұжымдары біріктірілді.
Сондай-ақ ортағасырлық қала мәдениеті мен өркениеттің дамығанын дәлелдейтін, Алтын Орда кезеңімен мерзімделетін археологиялық ескерткіш – "Жайық қалашығы тарихи-мәдени музей-қорығы" құрылды. Бүгінгі таңда заң құрылымдарына тіркелу, ұжымды орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Батыс өнепаздарының шығармашылық жетістіктері де аз емес. ҚР Президентінің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына орай, қыркүйек айында өңірдің 100-ге жуық көркемөнерпаздары Дүниежүзілік көшпенділер ойынының мәдени шараларына қатысып, этноауыл аймағында өнер көрсетті.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Этноауыл аумағында орналасатын шеберлер ауылында облыстан 10 қолөнер шеберлері қатысты. Қараша айында Астана қаласында ақын, "Отан", "Құрмет" ордендерінің иегері Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жас мерейтойына арналған ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде кездесу кештері өткізіліп, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық театрында қойылымы сахналанды.
Қазақстанның халық әртісі Ғ.Құрманғалиевтің 115 жылдығы аясында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымы Алматы және Астана қалаларына концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ел ықыласына бөленді.
Ақжайық өлкесінен шыққан мәдениет саласында еңбегі елеулі тұлғалардың шығармашылығына арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, республика деңгейінде өткізіліп келеді. Атап айтар болсақ, биыл ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған "Ақұлпа" республикалық музыка-поэтикалық байқауы өтті. Сондай-ақ, облыстық театрлардың гастрольдік сапарлары, аудандарда әр жанр бойынша республикалық және халықаралық байқаулар, айтыс ұйымдастырылды.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылы Қадыр Мырза Әлидің 90, ойшыл Ғұмар Қараштың 150, күйші Дәулеткерей Шығайұлының 205, Ұлы Жеңістің 80, Науша Мырзагерейұлының 155, ақын Жұбан Молдағалиевтың 105 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарлары жасақталуда.
Сондай-ақ Казталов, Теректі, Бәйтерек, Бөкейорда, Жәнібек, Қаратөбе аудандарында 6 мәдени-спорттық кешендерінің және Сырым, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек және Бөкейордасы аудандарында 5 архив ғимаратының құрылысын салу да келер жылдың еншісінде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 11 желтоқсан 2024
«Дарын» жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:58, 11 желтоқсан 2024
«Жазғы доңғалақпен жүрген». Алматыда ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті
-
21:44, 11 желтоқсан 2024
Екібастұзда құбыр жарылып, атқылаған ыстық суға оқушы күйіп қалған