Қазақстандықтарға гранттар мен жеңілдіктер алуға «көмек» ұсынылған
© Фото: pexels
Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы азаматтарға үндеу жолдады. Онда алаяқтық фактілерінің көбеюі туралы айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы уақытта алаяқтардан жеке шағын бизнесті дамыту немесе жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтеусіз гранттар алуға көмек көрсету ұсыныстары бар қоңырау шалу жағдайлары жиілеп кетті.
Қоңырау шалу кезінде алаяқтар өздерін Мансаптық орталықтардың қызметкерлері ретінде танытады, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпаратпен, қауіпті фишингтік сілтемелермен электрондық хаттар жібереді.
Зиянкестер мынадай тәсілдерді пайдалана алады:
- жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге көмек көрсету.
- қайтарымсыз, өтеусіз гранттарды алуға көмек көрсету.
- есептелген атаулы әлеуметтік көмек туралы хабарлауға және ақша қаражатын алуға көмек ұсынуға, сол арқылы төлем карталары деректерін және т.б. тартады.
- нақты ұйымдардың, мемлекеттік қызметтердің және жұмыс берушілердің телефондарына телефон нөмірлерін ауыстырады.
Мансаптық орталықтардың қызметкерлері:
- жұмысынан айырылу бойынша ешқандай әлеуметтік төлемдерді ресімдемейді;
- гранттарға үміткерлер арасынан жеңімпаздарды іріктеу жөніндегі арнайы уәкілетті комиссияның шешіміне ықпал ете алмайды;
- ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға көмек көрсетпейді;
- кез келген ақшалай төлемдерге ешқандай қатысы жоқ;
- өз қызметтері мен іс-шараларға қатысқаны үшін ақша талап етпейді.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы барлық қызметтер портал арқылы офлайн және онлайн режимінде тегін көрсетіледі Enbek.kz.
Сұрақтар туындаған жағдайда қоңырау шалуды немесе телефон нөміріне жазуды сұраймыз: + 7 (775) 644 35 80 (WhatsApp).Call centr +7(7212) 60 50 50
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 11 желтоқсан 2024
«Дарын» жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:58, 11 желтоқсан 2024
«Жазғы доңғалақпен жүрген». Алматыда ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті
-
21:44, 11 желтоқсан 2024
Екібастұзда құбыр жарылып, атқылаған ыстық суға оқушы күйіп қалған