«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

22:30, 11 желтоқсан 2024

© Сурет: unsplash

Синоптиктер 12 желтоқсанда Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, сондай-ақ орталығында да тұман түсетіні болжанады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда да оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 18 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанай қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні - 17-22 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда да жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с дейін жетеді. Астанада да оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі.

Алдағы күндері синоптиктер Қазақстанда ауа температурасы 2 градусқа дейін көтерілетінін болжаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!