Петропавлда 51 млн теңгенің жобасы іске аспай тұр
© Сурет: ТК "Астана"
Петропавлда мемлекеттік жоба бойынша абаттандырылуы керек ауланың жұмыстары белгісіз себеппен тоқтап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен жылы Петропавлдың бірқатар нысандары "Халыққа қатысу бюджеті" жобасының қатысушылары болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар қираған ауланы ретке келтіруді жоспарлаған, құжатқа 360-тан астам тұрғын қол қойып, жобаны қолдады. Оны іске асыруға арналған тендерді алматылық мердігер жеңіп алды, бірақ жұмыстар әлі күнге басталмаған. Бұл туралы "Астана" телеарнасының тілшісі айтты.
Қазір аулалардың бірінің аумағында құбырлар, төсеніштер мен арматура шашылып жатыр, ал ескі бөлшектелген мафтар жақын маңдағы орындыққа жиналған. Жаңа жобаның жалпы құны — 51 млн теңге. Тұрғындардың жоспары бойыша:
- ауланы қоршау;
- қақпалар мен есіктер орнату
- жаңа балалар қалашығы мен футбол алаңын салу;
- жарықтандыру және бейнебақылау мәселелерін шешу.
Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтқұлованың айтуынша, қала билігі мердігерге шағым хат жолдауға ниетті.
Бұған дейін Қазақстанда ең қажетті тауарлардың тізімі кеңейтілгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 8 қараша 2024
Бектенов Қазақстандағы ірі кәсіпорындар үшін міндетті шартты атады
-
13:32, 8 қараша 2024
Алматы полициясы автотұрақтарды тексеруде
-
13:16, 8 қараша 2024
ШҚО-да сарбаз суицид жасады
-
13:07, 8 қараша 2024
Қазақстанда «Каспий итбалығы» табиғи резерваты құрылады
-
12:54, 8 қараша 2024
«AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысы өтті