Петропавлда кішкентай бала пәтердің ішінде қамалып қалды

11:45, 26 қазан 2024

© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Петропавл тұрғыны құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Кіреберіс есік жабылып қалып, үйдің ішінде кішкентай бала қамалып қалды. Көмектесіңізші", - деді көмек сұраған тұрғын.

Шақыртуға шыққан ТЖМ құтқарушылары баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кіріп, баланың жағдайы жақсы екеніне көз жеткізгеннен кейін, оны анасына тапсырды.

"Анасы баланы құшағына алды. Бала зардап шеккен жоқ. Баланың анасы құтқарушыларға шын жүректен алғысын білдірді", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!