Тоқаев Моңғолияға барады

13:03, 26 қазан 2024

© Фото: zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 қазан күндері Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!