Асық ату: Астанада алғашқы ашық турнирдің чемпионы автокөлікке ие болды

17:22, 25 қазан 2024

© Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Асық атудан Республика күніне орай Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде алғаш рет ашық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің финалдық кезеңіне 17 облыс, 3 мегаполистегі іріктеудің қорытындысы бойынша, 21 жастан асқан 2 мыңға жуық қатысушының арасынан 1-2 орын алған 40 спортшы ғана жолдама алды.

Нәтижесінде мыңнан оза шапқан Әнуарбек Нұржігіт JAC темір тұлпарын тізгіндесе, күміс жүлдегер Нұрлан Жомарт 1 000 000 теңге сыйақы алды. Ал қола жүлдегер Ғарышбек Құлыбек 500 000 теңге сыйақымен марапатталды. Жеңіске деген жігері үшін Жетісу облысының өкілі Қастай Манасқа арнайы кубок берілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!